ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ СПОРТ САЛАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

Дулати университеті – сапалы білім ордасы ғана емес, спорт пен салауатты өмір салтын белсенді насихаттайтын оқу орны. Университет қабырғасында ел намысын қорғап жүрген спортшылар көптеп тәрбиеленіп келеді. Солардың қатарында – биыл бірнеше ірі жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен студент қыздарымыз бар.

Махмадулаева Дилафруз Гулмахмадовна 2025 жылы Бочча спортында үздік нәтиже көрсетті. Астана қаласында бочча спорт түрінен Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Абай, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Түркістан, Павлодар және Жамбыл облыстарынан 120 спортшы қатысты. Жамбыл облысының спортшысы төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:

  • ВС3 санаты (жекелей): Махмадулаева Дилафруз – I орын
  • ВС3 санаты (жұптық ойын): Махмадулаева Дилафруз – I орын

Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша Жамбыл облысы командалық есепте III орынға ие болды. Спортшылардың жеке бапкері — Ерсай Меруерт.

2025 жылғы басты жетістіктері:

  • Наурыз, Турнир: Жекелей ойын – 1 орын
  • Жұптық ойын – 1 орын
  • Маусым, Қазақстан Спартакиадасы – 2025: Жекелей ойын – 1 орын
  • Жұптық ойын – 1 орын
  • Қараша, Республикалық Кубок – 2025:
  • Жекелей ойын – 1 орын
  • Жұптық ойын – 1 орын

Ал, Астана және Ақтау қаласында өткен 2025 жылғы бочча спорт жарыстарында Танысбаева Айгерім Ержанқызы жоғары нәтиже көрсетті.

2025 жылғы жетістіктері:

  • 2–9 шілде, Астана – Қазақстанның VII Спартакиадасында:
  • Жекелей сында – 2 орын
  • Жұптық ойында – 2 орын
  • 25–31 қазан, Ақтау – Түркі әлемінің астанасы құрметіне халықаралық жарыста BC4 қыздар санаты бойынша жекелей – 3 орын
  • Жұптық сында – 2 орын
  • 14 қараша, Астана – Қазақстан Кубогы: Жекелей – 3 орын

Аталған барлық жетістіктер студенттердің табандылығы мен жоғары спорттық шеберлігінің айқын дәлелі. Жеңімпаздарымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымызға мықты денсаулық, жаңа белестер мен әлемдік аренада еліміздің көк байрағын биікте желбірете берулеріне тілектеспіз!

Прочитано 43 раз
Top