«АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДЕБИ-КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Университет қабырғасында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай тағылымы» тақырыбында әдеби композициялық кеш өтті. Кеш «Асыл сөздің дастаны» атты онкүндік аясында ұйымдастырылды.

Кешке журналист, деректі фильмдердің сценарисі, КСРО киногерлер одағының мүшесі, КСРО Журналистер Одағы сыйлығының иегері Асқарбек Сейілхан, «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің деканы Гүлнұр Исабекова, Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Гүлжан Иржанова, «Журналистика және филология» кафедрасының меңгерушісі Күлзинат Қарымбаева және студенттер қатысты.

Кештің мақсаты – Абай мұрасын дәріптеу арқылы жастарды рухани және адамгершілік құндылықтарға баулу. Ұлы тұлғаның ой-толғамдарын бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру.

Кеш барысында Абайдың рухани, адамгершілік, білім мен ғылым, еңбек пен өнер, философиялық және эстетикалық тағылымдары жан-жақты талқыланды. Студенттер Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, ақынның әндерін орындады. Сонымен қатар, «Абай еліне саяхат» атты бейнематериал көрсетіліп, викториналық ойын ұйымдастырылды.

Асқарбек Ақылшыұлы сөз алып, Абайдың шығармашылық мұрасының қазақ руханиятындағы орнын кеңінен талдап, ақынның қалдырған өсиеті мен өмірлік қағидаларының бүгінгі ұрпақ үшін бағыт-бағдар екенін атап өтті. Абайдың шығармаларында көрініс тапқан әділдік, адамгершілік, еңбекқорлық және білімге ұмтылу сынды қасиеттердің жастар бойында қалыптасуы қоғамның дамуына тікелей ықпал ететінін жеткізді. Сондай-ақ, Абай мұрасының ұлт бірлігін нығайтудағы және рухани жаңғырудағы маңызына ерекше тоқталды. Ал, профессор Зиба Абдуллақызы студенттерді ұлы ойшылдың даналығына терең бойлап, оның еңбектерінен өмірлік сабақ алуға, өз бойларында ізгілік пен рухани тазалық қасиеттерін дамытуға шақырды.

Кеш соңында қонақтар кештің мазмұнды өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

абай111

абай2222

абай3333

абай444

абай555

 

Прочитано 52 раз
Top