ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов университеттің дамуына және білім саласына үлесін қосып жүрген бірқатар ұстаздар мен ардагерлерге марапаттар табыстады.

Республика күніне орай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері, профессор Қабиева Айгүл Қабиқызы «Құрмет» орденіне ие болды.

Сонымен қатар, бірқатар ардагерлер мен университет қызметкерлері де құрметке бөленді. Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасының Құрмет грамотасы Любовь Полевая мен Тимур Темиргалиевке табысталды. Ал, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының Құрмет грамотасы Айман Қалматаеваға берілді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті Ректорының Құрмет грамотасымен Қошғар Қарабалаев, Болыс Уәлиев, Алмагүл Ермұратова және Нина Югова марапатталды.

Марапат иелерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз! 

мар111

мар2222

мар333

мар444

 

Прочитано 33 раз
Top