«Асыл сөздің дастаны» онкүндігі салтанатты түрде ашылды!

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған рухани мереке бастау алды. Дулати университетінде ұлы ақын, ағартушы, қазақтың рухани қазығы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Асыл сөздің дастаны» онкүндігі салтанатты түрде ашылды.

Іс-шараның ашылуында Басқарма Төрағасы Ректор - Мұхтар Байжұманов сөз сөйлеп, қатысушыларды рухани мерекенің басталуымен құттықтады. Ол өз сөзінде Абай мұрасының мәңгілік мәнін атап өтіп, студенттерге рухани азық екенін атап өтті. Кеш көрермендер назарына ұсынылған «Абайдан аманат» атты сахналық қойылыммен басталды. Онда ақынның жастық шағынан қартайған кезеңіне дейінгі өмір жолы бейнеленіп, оның рухани ізденістері мен адамзатқа қалдырған өсиеттері әсерлі түрде жеткізілді.

Кеш барысында Абайдың әндері мен қара сөздері орындалып, студенттер мен оқытушылар ұлы ойшылдың шығармашылығына құрмет білдірді. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы «Бес нәрседен қашық бол» атты челлендж ұсынып, ізгі қасиеттер мен адамгершілік құндылықтарды насихаттады. Сонымен қатар, студенттер жеті тілде Абай өлеңдерін оқып, ақын мұрасының әлемдік деңгейдегі рухани құндылық екенін көрсетті. Биылғы мерекенің тағы бір ерекшелігі — жасанды интеллекттің көмегімен дайындалған мультимедиялық таныстырылым мен цифрлық форматтағы Абай мұрасы. Көрермендер заманауи технология арқылы Абайдың өмірі мен еңбектерін жаңа қырынан тамашалады.

Онкүндік «Әр күн — Абай әлеміне жаңа сапар!» ұранымен өтеді. Бағдарлама аясында поэзия кештері, әдеби байқаулар, эссе және бейнероликтер сайыстары ұйымдастырылып, студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған түрлі мәдени іс-шаралар өткізілмек.

Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған бұл рухани мереке – жастардың ұлттық құндылықтарға, қазақ әдебиетінің асыл қазынасына деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейді.

абай1111

абай2222ъ

абай3333

абай4444

абай5555

абай6666

абай7777

 

Прочитано 53 раз
Top