ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті жанындағы Жастар жұмысы бөлімі дәстүрлі айлық қорытынды жиынын өткізді. Жиын барысында ай ішінде атқарылған іс-шаралар сараланып, белсенді ұйымдар мен студенттердің еңбегі бағаланды.

Қорытынды жиын университет жастары үшін мотивациялық, шабыттандырушы және жаңа бастамаларға жол ашатын маңызды алаңға айналды. Ай ішінде ұйымдастырылған жобалар, акциялар мен кездесулер талқыланып, алдағы айға арналған жоспарлар белгіленді.

Айдың үздік ұйымы атағы ҰЯ волонтерлік ұйымына бұйырды. Ұйым белсенділігімен, әлеуметтік жобаларға қатысуымен және университеттің қоғамдық өміріне қосқан үлесімен ерекшеленді. Экономика және құқық факультетінің Студенттік деканаты айдың белсенді құрылымы ретінде танылып, факультет студенттерінің ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеттерін көрсете білді. ”Ең үздік студент” номинациясымен Батырқұл Аяна марапатталды. Ол оқу үлгерімімен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы арқылы өз қатарластарына үлгі болды.

Марапаттау рәсіміне Жастар жұмысы бөлімінің маманы Қалдыбек Алмат, университеттің белсенді жастары Жұмабек Сабина Ануарқызы мен Абдуллаев Нурсаид Нуридинұлы қатысты.

Прочитано 17 раз
Top