Дулати университетінде Амбассадорлық топтың құрамы жасақталды!

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде белсенді, креативті және көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленетін студенттерден құралған Амбассадорлық топтың жаңа құрамы жасақталды.

Амбассадорлық топ – университеттің имиджін қалыптастыруға, жастар арасында білім ордасының беделін арттыруға бағытталған ерікті топ болып табылады. Топ мүшелері түрлі ақпараттық-танымдық, мәдени және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, талапкерлер мен студенттерге арналған іс-шараларда университет атынан өкілдік етеді. Іріктеу барысында қатысушылардың көшбасшылық қабілеті, коммуникативтік дағдылары, қоғамдық белсенділігі және университет өміріне қосқан үлесі ескерілді.

Нәтижесінде 20-дан астам студент Дулати университетінің ресми амбассадорлары атанды. Жаңа құрамға енген амбассадорлар алдағы уақытта қабылдау науқанына, студенттік өмірді жандандыруға және әлеуметтік желілерде университеттің ресми беттерін дамытуға белсенді атсалыспақ. Сонымен қатар, олар түрлі форумдар мен іс-шараларда Дулати университетінің атынан ел ішінде және халықаралық деңгейде өкілдік ету мүмкіндігіне ие болады.

Прочитано 116 раз
Top