Алғашқы медициналық көмек – өмірді сақтайтын маңызды дағды!

Университет қабырғасында студенттерге арналған түсіндірме жұмысы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар төтенше жағдай кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін, жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету, қан тоқтату, жүрекке жанама массаж жасау және жасанды тыныс алдыру сияқты негізгі әдістерді үйренді.

Мұндай білім – тек медицина мамандарына ғана емес, әр адамға қажет. Себебі өмірде кез келген жағдай болуы мүмкін. Есте сақта: алғашқы көмек – біреудің өмірін құтқаратын алғашқы қадам!

Прочитано 53 раз
Top