22–27 қазан күндері Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында самбо күресінен шеберлер арасында Әлем чемпионаты өтті. Бұл дүбірлі додаға түрлі елдерден келген үздік палуандар қатысып, бақ сынасты.
Аталған жарыста Дулати университетінің аға оқытушысы Казбеков Нұржан Жұмабайұлы тамаша нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Осылайша ол әлемдік доданы төртінші мәрте бағындырды! Сонымен қатар, Дулати университетінің қауымдастырылған профессоры Мұсабеков Алмас Сағымқұлұлы да шеберлер арасындағы сайыста қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздердің табандылықтарыңыз, еңбектеріңіз бен ерік-жігерлеріңіз - жас спортшыларға үлгі әрі университетіміздің абыройын асқақтатуда! Алдағы уақытта да зор денсаулық, жаңа белестер мен үлкен жеңістер тілейміз!
 
			
