СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ БОЙЫНША ЕҢ ІРІ СТУДЕНТТІК ICPC 1/8 ФИНАЛЫ

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен «Спорттық бағдарламалау федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен студенттер арасындағы бағдарламалау бойынша ең ірі студенттік ICPC 1/8 біліктілік кезеңі өтті.

ICPC- бұл спорттық бағдарламалау әлеміндегі ең беделді және маңызды жарыстардың бірі! ICPC-ке қатысу – бұл халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі болу, мансаптың сәтті бастамасы!

Олимпиаданың басты мақсаты – білім беру және цифрлық бастамаларды дамытудағы ынтымақтастықты дамыту, Қазақстанның барлық университеттерінің студенттеріне бағдарламалаудан өз дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беру арқылы қызығушылығын ынталандыру, техникалық қабілеттерін және IT-индустриясында байланыстарды нығайту және дамыту.

Осы мақсаттарды іске асыру үшін Федерация Қазақстан Республикасының өңірлеріндестуденттер үшін бірқатар жобаларды іске асыруда. Биыл ICPC (International Collegiate Programming Contest) ЖОО студенттері арасындағы ең ірі халықаралық командалық әлем чемпионатының аясында 2025 жылы ICPC спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалын Қазақстанда ұйымдастырады, және бұл ICPC1/8(біліктілік кезеңі) және 1/4 ширек финалын жеңіп шыққан студенттер қатысып, жеңімпаздар Алматы қаласында 1/2 финалына жолдамасын алатын болады.

1/8 іріктеу кезеңі  Дулати университетінің қабырғасында оффлайн форматта өтті. Сайысқа Дулати университетінің математика, информатика және бағдарламалауға жақын мамандықтар бойынша бес команда (командада екі-үш адам) барлығы 11 студент қатысты.

Студенттер бес сағат бойы қатысушылар логикалық ойлау, талдау және бағдарламалау дағдыларын талап ететін алгоритмдік есептерді шешті. Жарысқа Қазақстанның барлық университеттерінен барлығы 313 команда бағын сынады. «Спорттық бағдарлама федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Дулати университетінің ұйымдастыруымен бағдарламалау бойынша ең ірі студенттік олимпиадасы ICPC 8/1 финалы студенттер арасында жарыс өз деңгейінде өтті.

Алдағы финалда студенттерге ақылды шешімдер, табысты стратегиялар мен сәттілік тілейміз!

 

Прочитано 86 раз
Top