ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

Республика күніне орай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дулати университетінің ғалымдары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері, профессор Қабиева Айгүл Қабиқызы «Құрмет» орденіне ие болды.

«Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының профессоры Джунисбеков Мұхтар Шардарбекұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Марапат иелерін құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, мықты денсаулық және толағай табыстар тілейміз. Еңбектеріңіздің жемісі ел игілігіне қызмет ете берсін!

кар1111

кар2222

 

Прочитано 97 раз
Top