Университет қабырғасында шетелдік студенттерге арналған «Заң мен тәртіп» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – шетелдік білім алушылардың Қазақстандағы оқу және мәдени ортаға сәтті бейімделуіне ықпал ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және көші-қон заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесуде Жамбыл облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Айдос Данегулов шетел азаматтарының Қазақстан аумағында тұру ережелері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ АМІЖ аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Андрей Сухарев студенттерге құмар ойындардың және есірткі заттарының зияны мен салдары жөнінде түсіндірме берді.
Шара соңында студенттер спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Университет басшылығы мұндай бағыттағы кездесулер шетелдік студенттердің құқықтық сауатын арттыруға және бейімделу процесін жеңілдетуге септігін тигізетінін атап өтті.
Дулати университетінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған ақпараттық кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.