«ЖАҢА ҚАДАМ, ЖАҢА БАСТАУ!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде бірінші курс студенттеріне арнап «Жаңа қадам, жаңа бастау» атты салтанатты кеші өтті. Мерекелік кешке Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Кешті Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, біліммен қатар ұлттық тәрбиеге ден қоятын оқу ордасының білім жүйесі жыл сайын жаңарып, заман талабына сай жаңғырып келетінін тілге тиек етті. Бәсекеге қабілетті, заманауи және патриоттық ұлттық және халықаралық критерийлерге сәйкес мамандар дайындайтынын айтты. Ел болашағын тәрбиелеп жүрген мәртебелі ұстаздарды жемісті еңбектерімен құттықтап, ізгілік пен ізденісті жоғары қойып жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берген қызметкерлерге алғысын жеткізіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Сән мен салтанаты келіскен мерекелік шарада концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар әнмен әуелетіп, күмбір күйден шашу шашты. Мың бұрала билеген бұрымдылар көрермен көңілін бір серпілтіп тастады. Жаңа оқу жылының өзгерістеріне үйренген бірінші курс студенттері алаңсыз салтанатты кеште көңіл көтерді.

Жиналған жұрт Дулати студенттерінің өнерін тамашалап, мерекенің мәні мен маңызын сезініп, жылы лебіздерін білдірді.

жана11111

жана2222

жана33333ъ

жана4444

жана55555

жана66666

жана7777

жана8888

 

Прочитано 28 раз
Top