11–14 қыркүйек күндері Индонезияның Джакарта қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионатында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті Құралбай Іңкәр 48 кг салмақ дәрежесінде топ жарып, чемпион атанды.
Бұл – университетіміздің ғана емес, тұтас елдің абыройын асқақтатқан үлкен жетістік. Айта кетейік, Іңкәр бұған дейін де бірнеше беделді жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген. Ол ХІІІ жазғы Универсиаданың чемпионы әрі Азия кубогының жеңімпазы атанған болатын.
Жас спортшының жаңа жетістігі – Қазақстандық дзюдоның дамуына қосылған зор үлес әрі жас буынға үлкен үлгі.