Дулати университеті мен Қытайлық серіктестер арасындағы ғылыми-оқу ынтымақтастығы нығаюда

Басқарма мүшесі - Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Әуесжанұлы Орынбаев Қытай Халық Республикасының HTHP Nithons NZCJ 2120 компаниясының мамандарымен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар «Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерін зерттеу» зертханасында жаңа жабдықтарды іске қосу және оқыту, консистометр орнатылған жұмыс орнын тексеру, дұрыс жұмыс істеу талаптарының сақталуын тексеру, жабдықты және тетіктерді қаптамадан шығару, қызметкерлерді консистометрмен негізгі таныстыру. «Мұнай-газ» саласына арналған жаңа буындағы зертханалық жабдықтарды тереңінен меңгеру, оларды ғылыми-зерттеу мен білім беру процесіне тиімді қолдану мәселелерін талқылады.

Сейтжан Әуесжанұлы өз сөзінде университет қабырғасында мұнай-газ саласы бойынша оқыту орталығын ашу туралы ұсынысын білдіріп, бұл бастама өңірдегі кадр даярлау сапасын арттыруға және өндіріс пен ғылымның арасындағы байланысты нығайтуға сеп болатынын атап өтті.

Кездесу өзара тиімді әріптестікке жол ашып, халықаралық тәжірибе алмасудың маңызды кезеңіне айналды.

кытвй111

 

 

Прочитано 32 раз
Top