DULATY SUMMER SCHOOL - 2025 БАСТАЛДЫ!

2025 жылғы 14 шілдесінен бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «BR249928671» – Қазақстанның су шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжиниринг орталығын құру»аясында «Судың сапасын талдау және тазарту технологиялары» тақырыбында халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын бастады.

Бұл бағдарлама мектеп оқушылары мен студенттерге арналған және судың физикалық, химиялық, биологиялық параметрлерін анықтау әдістерін үйретуге бағытталған. Халықаралық құрамдағы Португалия, Испания және Қазақстаннан келген профессорлар өзара тәжірибе алмасып, қатысушыларға заманауи зерттеу әдістерін үйретіп, халықаралық тәжірибелерімен бөлісуде. Қатысушылар Тараз су көздерінен алынған үлгілермен жұмыс істеп, практикалық дағдыларын шыңдайды әрі  заманауи лабораториялық зерттеу әдістерін меңгеретін болады.

лагерь11111

лагерь2222

лагерь33333

 

Прочитано 124 раз
Top