ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГІНДЕ

IQAA-Ranking агенттігі Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін 2025 жылы  он жетінші рет өткізіп отыр. Академиялық рейтингтер мен артықшылықтар жөніндегі халықаралық обсерваторияның (IREG) конференцияларында жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшылар мақұлдаған рейтинг әдістемесі жоғары оқу орындары мен жоғары білім саласындағы сарапшылардың ұсыныстары негізінде үнемі жетілдіріліп отырылады.

Биылғы жылы институционалдық рейтингке алты санат бойынша 30 жоғары оқу орындары қатысты: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медициналық және жаңа санат – өнер және спорт жоғары оқу орындары. Академиялық деректердің бір бөлігін ЖОО-ларұсынды, материалдардың басқа бөлігін Агенттік тәуелсіз көздерден алды. Олар: ҚР ҰӘҚ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті, "Болашақ" ЦӘК, ЕПБ цифрлық дерекқоры, ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институтының мемлекеттік тізілімі, Scopus, Web of Science ғылыми жарияланымдарының библиографиялық базалары, РИНЦ. Сонымен бірге, дәстүрлі түрде жұмыс берушілер, академиялық орта сарапшылары, ЖОО студенттері мен түлектері арасында сауалнама жүргізілді.

Сауалнамаға барлығы 865 жұмыс берушінің өкілі, 340 академиялық сарапшы, 12871 студент және 2802 түлек қатысты. Дәстүр бойынша институционалдық рейтинг нәтижелері жоғары оқу орындарының санаттары бойынша жарияланды. Дулати университеті 2025 жылы Қазақстандағы көпсалалы 25 жоғары оқу орындары қатысқан бұл рейтингте 5-ші орынға ие болып, өткен жылғы көрсеткішке қарағанда екі позицияға алға жылжыды.

рейтинг111

 

Прочитано 16 раз
Top