М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Технологиялық факультеті, «Қолданбалы математика және физика» кафедрасында «Физика», «Математика, математиканы оқыту» бакалавр білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындалады.
Сонымен қатар, кафедра “Математика, математиканы модельдеу” атты магистратура білім бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу орынынан кейінгі мамандарды да даярлайды.
Республика бойынша Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агентігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылда білім беру бағдарламаларының арасында IAAR рейтингісіне қатысу конкурсы жарияланған. Бұл конкурска 49 білім беру бағдарламасы қатысып, соның ішінен М092 «Математика және статистика» магистратура білім беру бағдарламаларының тобы бойынша IAAR рейттингісіне қатысушы жоғары оқу орындарының арасында 1-ші орын алып, жоғарғы оқу орынының сұранысқа ие болатындығын дәлелдеді және тәуелсіз рейтинг нәтижесі бойынша сертификатпен марапатталды.