«Спорттық бағдарламалау федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі-Қазақстанда бағдарламалауды дамытуға арналған ұйым. Федерацияның басты мақсаты - бағдарламалау бойынша жарыстар, олимпиадалар және басқа да іс-шаралар өткізіп, жастар мен кәсіби бағдарламашылардың шеберлігін арттыруға жол ашу. Бұл дағдылар оларға жаңа технологиялар әлемінде бәсекеге қабілетті маман болуға септігін тигізетін болады.
Жамбыл облысында 2024 жылдан бастап «Спорттық бағдарламалау федерациясы» мен Дулати университеті бірлесіп 6 (алты) олимпиада ұйымдастырды. Осы олимпиадаларға өңірдің үздік мектеп оқушылары қатысып, олардың арасынан жеңімпаз аталғандар Дулати университетінің оқу гранттарына ие болды. Сонымен қатар, үздік мектеп мұғалімдеріне федерация мен университет тарапынан сертификаттар мен дипломдар табысталды. Бұл іс-шара өңірдегі бағдарламалау саласының дамуына және дарындыоқушылар мен ұстаздарды қолдауға бағытталған маңызды қадам болды.
Биыл да іс-шара жалғасын тапты. 2025 жылы 18 мамырда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің алаңында 9–11 сынып оқушылары арасында бағдарламалау бойынша Documentolog x CPFED Olymp олимпиадасының аймақтық кезеңі өткізілді.
Сайысқа Жамбыл облысының елді мекендерінен келген 14 оқушы қатысып, үш сағат бойы қатысушылар логикалық ойлау, талдау және бағдарламалау дағдыларын көрсетіп, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы марапаттарға және алдағы уақыттауниверситетте оқу үшін оқу ганттарының иегері атанды.
Екі жыл арасындағы «Спорттық бағдарламалау федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі,Дулати университеті арасындағы табысты және нәтижелі қарым-қатынасты ескеріп, бірқатар университет қызметкерлеріне және ерікті студенттерге жоғары деңгейде аталған іс-шараға атсалысқандары үшін алғыс хаттар жолдады.
Басқарма мүшесі - Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Әуесжанұлы Орынбаев салтанатты түрде алғыс хаттарды төмендегі аталған қызметкерлерге және ерікті студенттерге табыстады:
- 1.Шонгараева Жанат Турлыбаевна
- 2.Кучумидзе Марина Балабаевна
- 3.Логачева Ольга Александровна
- 4.Толқынбаев Медетжан Бектұрсынұлы
- 5.Балпан Абдуахад Қайратұлы
Дулати университетінің басшылығы «Спорттық бағдарламалау федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы А.Магавинаға үлкен алғысын білдіріп, алдағы уатқытта бірлесе отырып, осындай маңызды және ауқымды жобаларды бірге жүзеге асырып, жастарымыздың интеллектуалды дамуында үлкен жетістіктерге жетеміз деген ізгі лебізін білдірді.