ҚАЗАҚСТАН МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ЖАСТАРЫН БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде халықаралық «52-ші WFK PAS жастар еріктілері бағдарламасы» аясында жазғы мектептің ашылу салтанаты өткізілді. Жоба Pacific Asia Society (Тынық мұхиты-Азия қоғамдастығы) халықаралық ұйымының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Жазғы мектептің негізгі мақсаты — Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы мәдени байланыстарды тереңдету, тіл үйренуге ынталандыру, жастар арасында достық пен өзара түсіністікті нығайту.

52-ші волонтерлік миссия аясында Қазақстанға Оңтүстік Кореядан 21 жас еріктілер келді. Олар Қазақстандық студенттермен бірге білім беру және мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.

Жазғы мектеп аясында келесі бағыттар бойынша сабақтар өткізіледі:

• корей тілі мен мәдениеті

• қазақ тілі мен мәдениеті

• орыс тілі

Сонымен қатар, сабақтан тыс түрлі іс-шаралар мен Тараз және Алматы қалаларына мәдени турлар ұйымдастырылып, Кореялық волонтерлерге қазақ халқының салт-дәстүрімен, тарихымен және қазіргі өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріледі.

PAS ұйымы 1994 жылы шілде айында құрылып, Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ресми тіркелген. 1997 жылдан бері PAS ұйымы Кореяның Сыртқы істер министрлігі, Білім министрлігі, KOICA және ұлттық университеттердің қолдауымен Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азия және Африка елдеріне 10 743 жас волонтерді жіберген.

WFK PAS жастар қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылып отырған бұл мәдени-білім беру жобасы — екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін жарқын үлгі. Ол жастардың арасында жаһандық ойлау, мәдениетаралық түсіністік пен сыйластықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

корея1111

корея2222

корея3333

уорея4444

корея555

корея6666

коррея7777

коре8888

корея9999

корея10 10

 

 

Прочитано 30 раз
Top