ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПЦФ АЯСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР БОЙЫНША ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Университет қабырғасында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында іске асырылып жатқан жеті бағыт бойынша жарты жылдық есептік кездесу өтті.

Кездесуге Басқарма төрағасы-Ректор Мұхтар Байжұманов, ғылым және цифрландыру жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Сейтжан Әуесжанұлы, сондай-ақ жоба жетекшілері мен ғылыми топтардың мүшелері қатысты.

Жиын барысында әрбір бағыттың жетекшісі алты ай бойы атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы жоспарларын жеке-жеке таныстырып, презентациялық есептерін ұсынды. Әр жоба бойынша жүргізілген зерттеулердің мазмұны, қол жеткізілген ғылыми нәтижелер, коммерцияландыру әлеуеті және өңірлік маңыздылығы егжей-тегжейлі талқыланды.

Университет басшысы «Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларда ғылыми нәтижелермен қатар, алынатын құрал жабдықтардың қамтылуы да басты назарда болуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу жолымен алынатын құрал-жабдықтардың сапасына, олардың нақты жобалық мақсаттарға сай болуына және уақтылы жеткізілуіне ерекше мән берілуі қажет. Сонымен қатар, қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуы – әрбір жобаның жауапты орындаушысы мен жетекшісінің тікелей жауапкершілігінде – деп атап өтті.

Ал, Сейтжан Әуесжанұлы жоба жетекшілеріне атқарылып жатқан жұмыстарды «Ғылыми жобалардың нәтижесі тек зертханалық көрсеткіштермен ғана емес, қоғамға, өңірге беріп жатқан нақты ықпалымен де өлшенеді. Сондықтан әрбір жоба жетекшісі атқарып жатқан жұмысын кеңінен ақпараттандырып, университеттің ішкі және сыртқы медиасында көрініс табуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл — қоғам мен ғылыми қауымдастық алдында ашықтықты нығайту жолы. Сонымен қатар, жергілікті немесе салалық БАҚ-та сұхбат беру, ғылыми іс-шараларға белсенді қатысу арқылы жобаның өзектілігі мен маңызын көрсету қажет. Осы жұмыстардың барлығы жобаның есептік құжаттарында нақты көрсетіліп, негізделуі тиіс», – деп атап өтті.

Кездесудің мақсаты – ПЦФ аясындағы ғылыми жобалардың орындалу барысын мониторингілеу, аралық нәтижелерді саралау, әр бағыттың тиімділігін бағалау және алдағы кезеңдерге қатысты ұсыныстар қалыптастыру. Сонымен қатар, жобалар бойынша әкімшілік-ұйымдастырушылық қолдауды жүйелеу және университеттің ғылыми даму стратегиясымен өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету көзделді.

Бұл кездесу ғылыми жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, нәтижелерін тиімді басқаруға бағытталған маңызды қадам болды.

кез111

 

Прочитано 41 раз
Top