ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов еліміздің білім саласына үлесін қосып жүрген қызметкерлерге марапаттарын табыстады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 12.05.2025 жылғы № 704 бұйрығына сәйкес, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұстазы, техника ғылымының кандидаты Садиева  Халипа Рыскуловнаға 20400-«Химиялық инжиниринг» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 19.05.2025 жылғы № 742 бұйрығына сәйкес, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұстазы, PhD доктор Калмаханова Маржан  Сеитовнаға 10300 - «Химиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының  15.08.2024 жылғы № 737 бұйрығына сәйкес, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Химия және химиялық технолоия» кафедрасының аға оқытушысы, химия магистрі Кудайбергенова  Рабига Мусапаровнаға 8D05311 - Химия білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Химия және химиялық технолоия» кафедрасының аға оқытушысы, химия магистрі Мурзакасымова Назгуль Саттаркуловнаға «8D05301 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі және өзіндік үлгідегі диплом берілді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 6В01701 – Шет тілі, екі шет тілі білім беру бағдарламасының студенті Лана Нестерова 2025 жылғы 29-30 сәуір күндері өткен XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада ІІІ орын иеленді. Университет студентінің жарысқа қатысуына қолдау білдіргені үшін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры тарапынан Мұхтар Қазбекұлына Алғыс хат табысталды.

Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – 28 маусым Баспасөз күніне орай, университетіміздің ақпараттық саясатты жүргізуге, оқу ордамыздың имиджін нығайтуға елеулі үлес қосып, медиа және қоғамдық қатынас салаларында еңбек етіп жүрген Ласкер Қарабековке Құрмет грамотасы және Диана Жанұзақ, Дмитрий Полулях, Қалижан Шымкент, Әнел Әшірқұл, Жанна Прімбекке Алғыс хат табысталды.

Мұхтар Қазбекұлы марапат иелеріне алғыс білдіріп, ғылым мен білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.

мар1111

мар22222

мар3333

мар4444

 

Прочитано 183 раз
Top