Түркістан қаласында футзалдан XIII Жазғы Универсиаданың финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Республикалық деңгейдегі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 40 университеттің командалары қатысты.
Финалда Тараз қаласының қос бірдей оқу орны — М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің командасымен бақ сынасты. Нәтижесінде, «Дулати» құрамасы 6:2 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Универсиаданың бас кубогына ие болды.
Турнир қорытындысы:
- 1-орын — «Дулати» командасы (М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті)
2-орын — «Шерхан» командасы (Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті)
3-орын — «Досмұхамед» командасы (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті)
Жеңімпаз командаларды тарихи жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәжірибе мен табандылықтың, бірлік пен намыстың жарқын көрінісі болған бұл дода — еліміздің жас спортшыларына шабыт сыйлайтыны сөзсіз. Алдағы жарыстарда барша командаға сәттілік тілейміз!