ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ НЕБРАСКА УНИВЕРСИТЕТІНЕ САПАРЫ

Қазақстан–Америка университеттер консорциумы аясында Дулати университетінің делегациясы University of Nebraska–Lincoln (UNL) университетіне жұмыс сапарымен барды. Бұл бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен, IIE – Steppe Global Education Foundation ұйымы арқылы жүзеге асырылуда.

Сапардың мақсаты – тұрақты академиялық серіктестікті дамыту, бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды іске асыру, зерттеу тәжірибесі мен оқыту әдістемелерімен алмасу арқылы Қазақстан мен АҚШ университеттері арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру.

Бағдарламаға сәйкес, қазақстандық делегация:

  • UNL университетінің ғалымдарымен, әкімшілігімен және зерттеу топтарымен стратегиялық кездесулер өткізді;
  • Nebraska Extension бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен қауымдастықтарды су сапасын бақылауға тартатын Know Your Well жобасымен танысты;
  • семинарлар, зертханалық сабақтар, тәжірибелер мен Grand Island қаласындағы көшпелі сессияға қатысты;
  • негізгі зерттеу орталықтары мен институттарға барды.

Атап айтқанда;

  • •Nebraska Water Sciences Laboratory (WSL)
  • •Institute of Agriculture and Natural Resources
  • •Nebraska Innovation Campus (NIC) •Water for Food Global Institute (DWFI)
  • •Office of Research and Innovation Industry Relations
  • •Department of Biological Systems Engineering

Ерекше назар “Participatory Science” бағытына аударылды. Арнайы тәсілге фермерлердің, мектеп оқушыларының, студенттер мен жергілікті тұрғындардың ғылыми деректер жинауға, экологиялық мониторингке және аймақтық маңызды мәселелерді шешуге қатысуы кіреді. Қатысушылар бірлескен ғылыми зертханалар ашу, оқытушылар мен студенттерге арналған тағылымдамалар ұйымдастыру, бірлескен оқу курстарын әзірлеу және халықаралық мектептер мен семинарлар өткізу мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда;

  • •су ресурстарын басқару;
  • •экологиялық қауіпсіздік;
  • •климаттық өзгерістерге бейімделу;
  • •агротехнологиялар және тұрақты ауыл шаруашылығы.

Қазақстанда бұл тәсілдерді іске асыруға айтарлықтай әлеует бар. Дегенмен, Participatory Science ғылым, білім және азаматтық қатысуды біріктіру арқылы аймақтарды дамытуда тиімді құрал бола алады.

Жобаға қатысушылар:

  • •Есимова Ш.А. – Дулати университетінің Басқарма мүшесі- стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор,
  • •Калмаханова М.С. – Дулати университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі,
  • •Аманжолова Р. – Қазақ-Британ техникалық университетінің аға оқытушы,
  • •Профессор Дэниел Сноу – Nebraska Water Sciences Laboratory (WSL) директоры, University of Nebraska–Lincoln
  • •Салех Тагвайян – ирригация инженері, су ресурстары жөніндегі маман, UNL

Сапардың нәтижелері тұрақты ғылыми ынтымақтастықтың жаңа деңгейін ашты. Бірлескен жарияланымдар, екі жақты алмасу бағдарламалары, тағылымдамалар және Қазақстанда семинарлар өткізу, пилоттық білім беру жобаларын іске қосу жөнінде нақты келісімдер қарастырылды.

Бұл сапар — университеттердің халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігін қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ!

акш главный11111

акш главный2222

акш главный3333

 

Прочитано 64 раз
Top