ПОЛЬША ҒАЛЫМДАРЫ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Erasmus + бағдарламасы аясында Катовицедегі экономикалық университет ғалымдары Рутека Паулина Марта және Чиха Карина Йоанна Дулати университіне жұмыс сапарымен келді.

Шетелдік ғалымдарды Басқарма Мүшесі –ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Әуесжанұлы қабылдады.

Кездесу мақсаты – халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытып, әріптестік байланысты нығайту. Бірлесе жұмыс жасау арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу.

Кездесу барысында қос жоғары оқу орны арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту, академиялық ұтқырлықты дамыту, қос дипломды бағдарламаларды енгізу және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сапар аясында шетелдік ғалымдар мен Технологиялық факультеттің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушылары бірлескен семинарлар өткізіп, білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы өзара ынтымақтастықтың әлеуетін ортаға салды.

Қонақтар университет басшылығына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді. 

польша11111

польша22222

польша33333

 

Прочитано 94 раз
Top