«БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Дулати университеті мен Жамбыл облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында университет қабырғасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері мен кәсіпкерлеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға университеттің Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев, Жамбыл облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Шолпан Кариева, «Атамекен» ҰКП директорының орынбасары Айдар Абдықадыров, сондай-ақ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында 7 түрлі бағыт бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жоба жетекшілері мен жауапты ғалымдар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Сейтжан Әуесжанұлы Орынбаев университеттің өңірлік кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы бастамаларына, ғылыми әлеуеті мен зертханалық мүмкіндіктеріне тоқталып өтті. Ол сондай-ақ ауыл кәсіпкерлеріне көрсетілетін ғылыми-сараптамалық қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, университет пен бизнес арасындағы өзара тиімді әріптестікке сенім білдірді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары мен жеңімпаздарына тауар өндіру технологиясы және өнім сапасы бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын ұсыну, сондай-ақ университеттің зертханалық базасы арқылы өнімдерді сертификаттаудан өткізу мүмкіндіктерімен таныстыру.

Бұл бастама ауыл кәсіпкерлерін ғылыми ортаға тартуға, отандық өнім сапасын арттыруға және университет пен бизнес құрылымдарының арасындағы тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

оным1111

оным22222

оным33333

 

Прочитано 74 раз
Top