ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Университет қабырғасында Басқарма төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов еліміздің түрлі жоғары оқу орындарында өткен байқаулар мен білім саласына үлесін қосып жүрген білімгерлер мен қызметкерлерге марапаттарын табыстады.

«Текстиль, материалтану және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті) м.а., PhD Бекжан Абзалбекұлына және «Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедрасының меңгерушісі, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Ерік Оралбекұлына қауымдастырылған профессор атағы берілді.

Торайғыров университетінде өткен «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бағыты бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан «Стандарттау және өнеркәсіптегі сапаны басқару» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Нұрасыл Жылгелды III дәрежелі диплом және 20 000 теңге сертификатқа ие болды. Жетекшісі: Гүлзат Тайырқызы Алғыс хатпен марапатталды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде өткен «Текстиль, киім, аяқ-киім және былғары бұйымдары» бағыты бойынша олимпиадада «Инновациялық текстиль» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Жарас Тілеген, Рабиға Мырзақ және Аяулым Ескендір жүлделі II дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі: Эльвира Сарыбаева.

Атырау қаласында өткен «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» пәні бойынша ҚР ҒжЖБМ XVII Республикалық пәндік студенттік олимпиадасына қатысқан «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Марьям Азим III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Перизат Абдикеримова.

И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің 80 жылдығына арналған «Information and communication technologies» атты ICTEXPO-2025 халықаралық студенттік форумына қатысқан «Технологиялық» факультетінің «Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Абдурахим Ардашер І дәрежелі, ал Ерзат Пазылханов III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі : Жанагүл Доумчариева.

Мұхтар Қазбекұлы марапат иелеріне алғыс білдіріп, ғылым мен білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.

марапат1111

марапат2222

марапат33333

марапат4444

марапат5555

марапат6666

 

Прочитано 24 раз
Top