ENACTUS DULATY КОМАНДАСЫ УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Университет қабырғасында белсенді студенттік ұйым – Enactus Dulaty командасы Басқарма төрағасы –Ректор Мұхтар Қазбекұлымен ресми кездесті. Кездесу команда жұмысының жылдық қорытындысын шығару, жетістіктерді атап өту және алдағы жоспарларды талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге Басқарма төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов, Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев, Enactus Dulaty командасының академиялық эдвайзері Жанат Шонгараева және Enactus Dulaty командасы қатысты.

Кездесу барысында Мұхтар Қазбекұлы командаға ерекше алғысын білдіріп, Enactus Dulaty ұйымының әлеуметтік жобалар арқылы университеттің қоғамдық беделін арттыруға және студент жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар, университет басшылығы жастар бастамаларына әрдайым қолдау көрсететінін және олардың идеялары қоғамға нақты пайда әкеліп жатқанын атап өтті.

2003 жылы құрылған Enactus Dulaty командасы осы уақытқа дейін көптеген әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, мыңдаған адамның өміріне оң өзгеріс әкелген. 2019 жылы команда Қазақстанның ұлттық чемпионы атанып, АҚШ-тың Сан-Хосе қаласында өткен Enactus World Cup халықаралық байқауында ел намысын қорғады.

Салтанатты жиында команданың белсенді мүшелері мен бітіруші түлектері Алғыс хаттармен марапатталды. Әсіресе, бірнеше жыл бойы команда құрамында еңбек етіп, елеулі үлес қосқан көшбасшылар мен түлектерге ерекше ризашылық білдірілді.

Кездесу барысында команда капитаны жылдық есеп беру баяндамасын ұсынып, 2024–2025 оқу жылындағы негізгі жетістіктер мен жобаларды таныстырды. Сонымен қатар, команда алдағы кезеңге арналған мақсаттарын жария етті. Жоспарлар қатарында жаңа әлеуметтік жобаларды әзірлеу, ұлттық және халықаралық байқауларға қатысу, өңірлік әріптестікті дамыту сияқты маңызды бағыттар бар.

Enactus Dulaty – Дулати университетінің мақтанышы. Команда келешекте де жасампаз жобалар арқылы жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеу ісін жалғастырмақ.

шоу1111

шоу2222

шоу3333

шоу4444

шоу5555

шоу6666

 

Прочитано 66 раз
Top