ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

Семинар 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына дайындық аясында өткізілді.

Семинар мақсаты – ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерциялық бағытта дамытуға арналған жобаларды сапалы әзірлеуге көмек көрсету және ғалымдарды коммерцияландыру процесінің талаптарымен, ережелерімен және нақты тетіктерімен таныстыру.

Семинар барысында коммерцияландыруға бағытталған ғылыми жобалардың құрылымы мен мазмұны, 2025–2027 жылдарға арналған гранттық конкурстың шарттары, жобалық өтінімдерді дайындау кезеңдері мен құжаттарды рәсімдеу тәртібі секілді негізгі мәселелер талқыланды.

Семинарға университеттің ғылыми құрылымдарының өкілдерімен қатар, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) жобаларының жетекшілері де қатысты. Қатысушылар жаңа жобаларды даярлау кезінде туындайтын өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар ғылыми әзірлемелердің практикалық маңызын арттыруға және университет аясындағы коммерцияландыру жобаларының дамуына серпін беретін маңызды алаңға айналды.

акпарат1111

акпарат2222

акпарат3333

акпарат4444

 

Прочитано 62 раз
Top