Құрметті Дулати университетінің оқытушылары мен қызметкерлері!
Ғылым және коммерцияландыру департаменті «Оқытушы-зерттеуші» біліктілік санатын беру ережесіне сәйкес «Оқытушы-зерттеуші» конкурсының жарияланғанын хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 30 мамырға дейін
Құжаттарды тапсыру мекенжайы: Сүлейменов көшесі, 13, ғылыми-зерттеу қызметі бөлімі, 109-кабинет
Конкурсқа қатысу талаптары мен қажетті құжаттар тізімімен «Оқытушы-зерттеуші» біліктілік санатын беру туралы Ереженің 6.1, 12.1–12.3 тармақтарынан танысуға болады.
Ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын барлық оқытушыларды конкурсқа қатысуға шақырамыз!