Университет қабырғасында «SMART & BEAUTIFUL: УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ – 2025» атты сұлулық байқауы ұйымдастырылды. Бұл кеш сұлулық пен өнер, ақыл мен парасат тоғысқан ерекше сайысқа айналды.
Байқауға оқу орданың дарынды, білімді арулары қатысып, өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде 11 ару өз бақтарын сынап, үздік шыққан 5 ару финалға жолдама алды. Қазылар арулардың сенімділігіне, сахнадағы өзін-өзі ұстауына ерекше мән берді. Әр қатысушы өз даралығымен ерекшеленіп, көпшіліктің көңілінен шықты.
Тартысты бәсеке нәтижесінде жеңімпаздар мен қатысушылар түрлі марапаттар мен қаржылай сыйлықтарға ие болды:
- «Университет аруы-2025» атағын «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенті Сымбат Ораз иеленді. Жүлде қоры- 70 000 теңге
- І орын иегері Технологиялық факультеттің студенті Арайлым Көлен. Жүлде қоры- 50 000 теңге
- ІІ орын иегері «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің студенті Аяулым Сағындықова. Жүлде қоры- 40 000 теңге
- ІІІ орын иегері Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті Динара Кенжебей. Жүлде қоры- 30 000 теңге
Қалған қатысушылар келесі арнайы номинациялармен марапатталды:
- Инабатты ару
- Сымбатты ару
- Өнерлі ару
- Ізденімпаз ару
- Көрермен көзайымы
- Бұрымды ару
Барлық қатысушыларға Дипломдар, Алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, арнайы ленталар тағылды. Сұлулық сайысы жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.