Университет қабырғасында Карьера және бизнес серіктестік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Мадияр Орынтаев, Кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Шолпан Абдрасилова, Академиялық жұмыс жөніндегі департамент басшысы Әбілхан Садибаев және студенттер мен бітіруші түлектер қатысты.
Кездесу мақсаты – құқық қорғау қызметінде жұмыс істегісі келетін және елдің экономикалық қауіпсіздігіне үлес қосуға ниетті білімді, талантты және креативті жастарды іріктеу арқылы Қаржылық мониторинг агенттігінің кадрлық әлеуетін күшейту және жаңарту. Сондай-ақ, академиялық адалдықты сақтау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.
Кездесу барысында спикерлер студенттер мен бітіруші түлектерге департаменттің атқаратын жұмыстарының ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша департаментте жұмыс істеу үшін қажетті талаптар, Құқық қорғау органдары академиясына түсу ережелері туралы толықтай түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында жас буын толыққанды мағлұматтар алып,өз қызығушылықтарын білдірді. Мамандар қойылған сауалдарға жауап беру арқылы кездесуге қатысып отырған студенттерді әріптес ретінде көргісі келетіндерін жеткізді.