Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы аясында «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» пәнінен XVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты – болашақ мамандардың танымдық қызметте инновациялық оқыту технологияларын меңгеру арқылы кәсіби құзыреттіліктерін бағалау және отандық музыкалық білім берудің үздік дәстүрлерін сақтау.
Олимпиадаға Атырау, Алматы, Тараз, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Арқалық және Петропавл қалаларынан 15 студент қатысты.
Аталған білім сайысында М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Марьям Азим ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Студенттің ғылыми жетекшісі – «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Перизат Абдикеримова.
Жүлдегерімізді жеңіспен құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!