Үндістан мемлекеті, Дели қаласында өткен ARMWRESTLING қол күресінен Азия біріншілігінде спортшы қыздарымыздың қанжығасы майланды.
Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 1 курс студенті Жұмаділқызы Аяжан 70 келі дәрежесінде өнер көрсетіп 1 орын иегері атанды. 2 курс студенті Джаналиева Раушан 80 келі дәрежесінде өнер көрсетіп 1 орын еншілесе, 3 курс студенті Саттарова Айзат 50 келі дәрежесінде өнер көрсетіп 1 орын иегері атанды.
Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз, спорт саласында үлкен үміт артамыз!