Дулати университетінің қабырғасында өнегелі, мағыналы кездесу өтті. Тарихтың тереңінен сыр шерткен, сананы серпілткен сәт болды.
Кездесуге Басқарма мүшесі - Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Тұрлыбек Аслан, «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Сейтжанов Досым, кафедраның тәжірибелі ұстаздары — аға оқытушы, запастағы майор Карабалаев Кошан және подполковник Алтаев Несіпбек, сондай-ақ кафедра құрамының аға оқытушылары қатысты.
Кездесу барысында Отан алдындағы борыш, әскери қызметтің маңызы, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру тақырыптары қозғалды. Іс-шара аясында алғашқы әскери дайындық мамандығының 3-курс студенттері қаруды шашып-жинау бойынша шеберліктерін көрсетіп, өздерінің дайындық деңгейін паш етті.
Бұл басқосу студенттердің бойында әскери тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды.