ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫНДАР ӨТТІ

Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай, «Журналистика және филология» кафедрасы мен Кітапханалық-ақпараттық орталық, №2 кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Тарих. Тағзым. Тағылым» тақырыбында бірқатар тағылымды басқосулар мен мәдени жобалар жүзеге асты.

Атап айтқанда:

– Жамбыл облыстық музейіне қарасты Даңқ залында өткен «Тағылымды кездесу» барысында Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романы талқыланып, қатысушылар рухани әсер алды;

– «Бауыржантану: ұлттық рух пен ерлік мектебі» атты дөңгелек үстелде белгілі бауыржантанушылар Ә. Найзабаев, Б. Момынқұл және Т.Ә. Мұқашев батыр тұлғасының тарихи маңызына тоқталды;

– «Москва үшін шайқас – ерлік өнегесі» атты сахналық қойылым көрерменге ерекше әсер қалдырды;

– «Жеңіс рухы – жүректерде» экскурсиясы барысында студенттерге Даңқ залы мен «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері мазмұнды таныстырылым өткізді;

– «Ел қорғаған ерге мың тағзым» шарасында қатысушылар Жеңіс саябағында Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Даңқ лентасын» тақты;

– Ашық аспан астында өткен «Жырмен жаңғырған ерлік» поэзия кеші жастардың рухын көтеріп, патриоттық сезімдерін оятты.

Патриоттық тәрбие мен тарихи сананы арттырған жиын соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

улы отан1111

улы отан2222

улы отан3333э

 

Прочитано 43 раз
Top