ҒЫЛЫМ МЕН ТӘЖІРИБЕНІ ҰШТАСТЫРҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары аясында Коммерцияландыру бөлімі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) арналған семинар ұйымдастырды.

Семинар мақсаты — университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттырып, жас ғалымдар мен зерттеушілерге ғылыми жобаларды әзірлеу арқылы жүзеге асыру және олардың нәтижелерін коммерцияландыру процесі бойынша теориялық және тәжірибелік білім беру.

Семинарды «Химия және химиялық технология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ғылым кандидаты Халипа Садиева жүргізді. Ол қатысушыларға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың теориялық негіздері, олардың экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы, сонымен қатар ғылыми идеяны іске асыру жолындағы басты кезеңдер туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар, Коммерцияландыру бөлімінің бас маманы Динара Казахбаева жоба жетекшілеріне «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) платформасында тіркелу тәртібін, жобаларды тіркеу алгоритмін және ҒЗТКЖ нәтижелерін тіркеу мен сараптамадан өткізу процесін жете түсіндірді.

Семинар соңында қатысушылар алдағы гранттық конкурстарға жобаларын әзірлеуге, ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізуге және нарыққа бейімдеуге қатысты нақты мәліметтер алды. Сонымен қатар, ғылыми жобаларды тиімді басқару және ғылыми коммуникацияны дамыту мәселелері талқыланды.

сем1111

сем2222

 

Прочитано 85 раз
Top