ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Дулати университетінде Қазақстан Республикасының бірегей әлеуметтік жобасы  –  «Серпін» бағдарламасы аясында бітіруші жас түлектерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев, ЖОО филиалдарының өкілдері мен бітіруші жас түлектер, ата-аналар қатысты.

«Серпін» бағдарламасының мақсаты – жастарды елдің әлеуметтік және білім беру саласындағы мемлекеттік қолдау тетіктерімен таныстырып, «Серпін» бағдарламасының мәні мен артықшылықтары туралы кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, түлектерге сапалы ЖОО-да білім алуға мүмкіндік жасау арқылы жас ұрпаққа тәжірибелерді игеруге, достық қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ету.

Жиынды Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы ашып, бағдарламаның бітіруші түлектерге академиялық және әлеуметтік қолдау көрсетудегі маңыздылығын атап өтті. Оқу ордамыз «Серпін» бағдарламасы бойынша келген жас буынның сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын жеткізді. Бұл бағдарлама – жастардың тек білім саласында ғана емес, өмірлік тәжірибе тұрғысынан да өсіп-өркендеуіне үлкен септігін тигізеді сөз етті.

Жиын барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Тоқтарбекұлы сөз алып, «Серпін» бағдарламасының негізгі миссиясына тоқталды. Өз сөзінде, бұл жоба еліміздің оңтүстік өңірдегі жастарға солтүстік, батыс және шығыс аймақтардағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін бастама екенін тілге тиек етті. Бұл бағдарлама жас ұрпаққа ел ішінде жаңа аймақтарды тануға, түрлі этностармен, түрлі көзқарастағы адамдармен тіл табысуға, өз әлеуетін толық ашуға мүмкіндік екенін жеткізді. Сонымен қатар, жастардың тәжірибе жинап, өмірге бейімделуіне көмектесетін үлкен өмірлік мектеп әрі сол өңірлерде тұрақтап, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алатынын сөз етті.

Жиын соңында ЖОО филиалдарының көрмесі ұйымдастырылып, түлектерге оқу орнындағы білім беру бағдарламалары, мамандықтар, оқу базасы мен студенттерге жасалатын жағдайлар туралы кеңінен ақпарат берілді. Көрме аясында әрбір ЖОО өкілдері оқу үрдісі, өндірістік тәжірибе, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы баяндап, түлектердің сұрақтарына жауап берді.

Бітіруші жас түлектер мен ата-аналар «Серпін» бағдарламасының жастарға нақты мүмкіндік беретін бастама екенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

серпын1111

серпын2222

серпын3333

серпын4444

серпын5555

серпын6666

серпын7777

серпын8888

 

Прочитано 134 раз
Top