ИРАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЕЛШІСІ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Иранның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джоукар Али Акбар Дулати университетіне іс-сапармен келді. Сапар аясында мәртебелі қонақты университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов қабылдады.

Кездесуге Иранның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі - Джоукар Али Акбар, Елшілік кеңесшісі-Хоссейни Сейед Мохаммад, аудармашы- Еркетай Шаймерденов, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкелік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасынан басшысының орынбасары-Ернар Оразбай, Кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы-Талғат Шалдарбеков қатысты.

Кездесу барысында Мұхтар Қазбекұлы университеттің қызметі, оқу бағдарламалары және ғылыми-зерттеу бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді. Өз кезегінде, Джоукар Али Акбар мырза Иранның ғылым мен жоғары білім саласындағы жетістіктерімен бөлісті.

Тараптар білім және ғылым салаларында өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендерін білдіріп, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және университеттер арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келісті.

иран1111

иран2222

 

Прочитано 90 раз
Top