ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Дулати университетінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Бүгінгі журналистика: сын-қатерлер, трендтер, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл» тақырыбында онлайн және оффлайн форматта семинар өтті.

Басқосуға өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері, студенттер қатысты.

Семинардың мақсаты – журналистикадағы заманауи үрдістер мен БАҚ арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын саралап, медиасауаттылық пен контентті тиімді жеткізудің әдістерін ортаға салу.

Семинар модераторы ретінде Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, әдебиеттанушы Бақытжан Мақашев жүргізді.  Ол өз сөзінде, оқу ордамыз кәсіби журналист кадрларын даярлаумен қатар, медиа саласындағы өзекті мәселелерді шешуге мамандарымыз бірқатар үлес қосылып жатқанын сөз етті. Мұндай кездесулер болашақ мамандардың тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

Zoom платформасы арқылы  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов сөз алып, журналистиканың қазіргі даму бағыты мен мемлекеттің ақпараттық саясаттағы рөлі туралы баяндады. Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдар мен БАҚ арасындағы ашықтық пен сенімді серіктестік қоғам дамуының басты кепілі екенін тілге тиек етті.

Жамбыл облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» директоры Алмат Сәдуақас сөз алып, мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы байланыс мәселесіне тоқталды. Өз баяндамасында ол тиімді коммуникацияның ашықтық, жеделдік және сенімділік принциптеріне негізделуі қажеттігін атап өтті. Ақпаратты уақытылы әрі нақты жеткізу – бүгінгі заман талабы екенін сөз етіп, мемлекеттік құрылымдардың БАҚ-пен өзара іс-қимылы ел ішіндегі тұрақтылық пен қоғамдық нығайтуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Бақытжан Маханұлы сөз алып, қазіргі медиадағы медиасауаттылықтың өзектілігіне тоқталды. Аудиторияның ақпаратты дұрыс қабылдау және сараптау қабілетін арттыру үшін журналистердің жауапкершілігі жоғары болуы керек екенін жеткізіп, әрбір тұлғаны медиасауатты болуға шақырды.

«Jambyl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева мазмұнды баяндама жасап, медиаконтентті визуализациялаудың заманауи тәсілдері туралы сөз қозғады. Қазіргі көрермен визуалды бейнелеу элементтері арқылы ақпаратты тез қабылдайтынын және әрбір журналист мазмұнды материалды тиімді визуалды форматта ұсынуды меңгеруі тиіс екенін тілге тиек етті.

Семинар соңында қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, журналистика саласының дамуына қатысты ұсыныстар мен бастамалар талқыланды.

семинар1111

семинар2222

семинар33333

семинар4444

 

Прочитано 164 раз
Top