Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалында М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті.
Шараны Жамбыл облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалы ұйымдастырды. Жиынға арнайы қонақ ретінде М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есимова қатысты.
Ашық есік күні аясында студенттер мемлекеттік органдардың жұмысымен, мемлекеттік қызметтегі мансаптық мүмкіндіктермен және Академияға түсу талаптарымен танысты.
Департамент пен Академия өкілдері студенттермен тәжірибелерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап берді.
Болашақ жас мамандар үшін бұл – мемлекеттік қызметтің миссиясы мен құндылықтарын тереңірек түсініп, кәсіби бағдар алу үшін тамаша мүмкіндік болды.