Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасы ұйымдастыруымен IV-ші облыстық «Жалынды жас – дарынды ұрпақ!» атты облыстық мектепаралық өнер фестивалі өтті.
Фестивальге М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Айгуль Кабиевна, А.Тоқпанов атындағы облыстық драма театрының режиссері Саламат Жеткергенұлы, «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, вокалист Заман Саметұлы, аға оқытушы, хореограф Ольга Николаевна және аға оқытушы Файза Сайлаубековна қазылық етті. Облыс аудандарынан 16 мектеп қатысып, бақ сынасты.
«Ең үздік вокальдық орындаушылық» шеберлігі үшін: Омар Балерке «Сәлем,саған туған ел»Жетекшісі:Жаңабаева Айжан. Жамбыл ауданы, Баймырза Беспаев атындағы мектебінің оқушысы Омар Балерке «Сәлем,саған туған ел» әнімен 1 орынға ие болды.
Байзақ ауданы, Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінің оқушысы Бекболат Гулсаяжан «Атамекен» әнімен және Жамбыл ауданы, Баймырза Беспаев атындағы мектебінің оқушысы Дүйсен Сымбат, «Толғау» әнімен 2 орын иеленді. Т.Рысқұлов ауданы №3 шағын орта мектебінің оқушысы Иса Нурайым «Перзент сыры» әнімен және Талас ауданы Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Есалы Айша 3 орынды еншіледі.
«Хореография номинациясы» бойынша: Шу ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушысы Қорабай Еркеназ, «Айша бибі» биімен 1 орынға ие болды.
Т.Рысқұлов ауданы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің оқушысы Жұмабай Дәмелі «Жайлау» биімен және Жамбыл ауданы, Баймырза Беспаев атындағы мектеп-гимназиясынан Тұмар тобы «Ақсақ киік» биімен 2 орынды еншіледі. Байзақ ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің «Шұғыла» би тобы «Қазақ биі» және Мойынқұм ауданы Әлтай Төлепбергенов атындағы орта мектебінің «Мойынқұм» би тобы «Тәуелсіздік туы» биімен 3 орынға ие болды.
«Көркемсөз оқу шеберлігі үшін» номинациясы бойынша:
Байзақ ауданы, Әзімбек Жанқұлиев атындағы мектебінің оқушысы Жамалбек Нүриман «Тастамашы ана» орындауымен 1 орынға ие болды.
Шу ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің оқушысы Әбдіқадыр Жансая «Аққулар ұйықтағанда» орындауымен және Жуалы ауданы, №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушысы Бисеналиева Каусар «Ғайша» орындауымен 2 орынды еншіледі.
Талас ауданы Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Қуанышбек Еркеназ «Құбылма жеңгей» орындауымен және Т.Рысқұлов ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің оқушысы Жақсылық Жансая «Жоқ дәрігер» 3 орынға ие болды.