КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Университет қабырғасында Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев университеттің  профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

Жиынды Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов ашып, ел болашағы үшін жастардың білімді, бәсекеге қабілетті болуы аса маңызды екенін атап өтті.  Оқу ордамыз еліміз таңдаған даму жолынан ешқашан айнымайтынын тілге тиек етіп, болашаққа сеніммен қарайтын ұлт қана табысқа жете алатынын баса айтты.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ сөз алып, Ұлттық құрылтайда кеңінен қозғалған ұлттық құндылықтар, руханият және тіл мәселесіне тоқталды. Жастардың бойында ұлттық сана мен ана тілге деген құрметті қалыптастыру – басты мақсатымыз екенін тілге тиек етті.

Жиын барысында Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев сөз алып, заманауи технологиялар, жасанды интеллект, цифрлық білім беру платформаларының маңыздылығына тоқталды. Ұлттық құрылтайда талқыланған цифрлық даму және инновациялық әлеует туралы сөз қозғап, университет тарапынан бұл бағытта серпінді қадамдар жасалып жатқанын жеткізді. Білім мен технологияны үйлестіру – болашақтың кепілі екенін баса айтты.

Жиында Мәлік Нұржанұлы тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі болып табылатын еліміздің экономикасы мен мәдениеті, білім мен ғылым салаларындағы елеулі жетістіктер жөнінде сөз етті. Президент барлық сала бойынша түрлі бастамаларды көтеріп, алдағы жұмыс жоспарын бекемдеп бергенін әрі Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген барлық саяси реформалар болашақта өз жалғасын табатынын тілге тиек етті. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған басты мәселелерге – ел ішіндегі қоғамдық келісім, әлеуметтік әділеттілік, жастардың ел дамуына қатысуы және рухани жаңғыру бағытына кеңінен тоқталды. Мемлекет басшысы жастарды жаңа Қазақстанның қозғаушы күші ретінде көретінін әрі бұл – үлкен сенім әрі зор жауапкершілік екенін жеткізді. Сондықтан қазіргі студент – ертеңгі қоғам көшбасшысы екенін сөз етті.

Кездесу соңында Мәлік Нұржанұлы біліммен қатар ұлттық тәрбиеге ден қоятын оқу ордасының білім жүйесі жыл сайын жаңарып, заман талабына сай жаңғырып келетінін  айтып, ұжымға өз алғысын білдірді. 

кур1111

кур2222

кур3333

кур4444

кур5555

кур6666

кур7777

кур8888

кур9999

кур10 10

 

Прочитано 161 раз
Top