ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

Университет қабырғасында «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденциялары: ұлттық құндылықтар, инновациялар, әлемдік тәжірибе және үздік әдістеме»  атты Халықаралық педагогикалық оқулары  өтті.

Халықаралық педагогикалық оқулардың мақсаты – жаһандық білім беру кеңістігінде педагогикалық  кадрларды даярлаудың заманауи трендтері мен цифрлық коллаборацияның басым бағыттарын айқындау. Цифрлық  платформалар мен технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау арқылы инновациялық іс-тәжірибені зерделеу.

Жиынды Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, жылы лебізін жеткізді. Қазақстандық білім беру жүйесінің болашағы ұлттық негізде қалыптасқан заманауи педагогтарға байланысты екенін  тілге тиек етті. Ұлттық құндылықтар мен заманауи тенденцияларды ұштастыру – сапалы педагог даярлаудың кепілі жайлы сөз қозғады. Болашақ ұстаз – ұлттық рухта тәрбиеленген, заманауи құралдар мен жасанды интеллектерді  меңгерген маман болуы қажет екенін жеткізді.

Халықаралық педагогикалық оқулар:

  • 1) Педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденциялары: ұлттық құндылықтар, инновациялар, әлемдік тәжірибе.
  • 2) Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект технологиясы: жаңа мүмкіндіктер.
  • 3) Цифрлы  білім беру ортасындағы  цифрлы  педагог: ең тиімді цифрлы платформалар және үздік әдістеме секілді түрлі бағыттар аясында жүзеге асты.

Айта кету керек, Шадринск мемлекеттік педагогикалық  университеті (Ресей Федерациясы), Нигде Омера Халисдемира университеті (Турция), С.Орбелиани атындағы Тбилиси унтверситеті (Грузия), Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті (Қырғызстан), Ферғана мемлекеттік университеті (Өзбекстан), Ұлттық құндылықтар академиясы (Қазақстан), Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасы – Халықаралық педагогикалық оқулардың серіктестері болып табылады.

Халықаралық педагогикалық оқулары пленарлық мәжіліс - отандық және шетелдік танымал ғалымдардың баяндамалары мен шебер-сыныптары,  жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары, онлайн-режимдегі шебер-сыныптар, секциялық мәжілістер, инновациялық өнімдердің презентациясы секілді түрлі форматта ұйымдастырылды.

Жиын соңында қатысушылар арнайы сертификаттар және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

оку1111

оку222

оку333

оку4444

оку5555

оку6666

оку777

оку8888

оку9999

оку10 10

 

 

Прочитано 274 раз
Top