ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім берудегі цифрлық коллаборация: инновация, технология және әдістеме» атты Халықаралық конгресс өтті.

Конгресс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында   жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында ұйымдастырылды.

Халықаралық конгрестің мақсаты – цифрлы қоғамда педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың заманауи тенденцияларын және коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құрудың заманауи трендтерін айқындау. ХХІ ғасырдың сын-қатерлі контексіндегі білім сапасын арттыратын цифрлы технологиялардың және цифрлы платформалардың мәнін ашу. Мектеп және ЖОО коллаборациясының инновациялық іс-тәжірибесін зерделеу арқылы заманауи цифрлы педагогтің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру.

Жиынға Назарбаев Зияткерлік мектептері, ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы», АО басшылары, тренер-әдіскерлері, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ғалымдары, ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, ғалым-педагогтері, болашақ педагогтері, магистранттары мен докторанттары арнайы келіп, қатысты.

Жиынды Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев құттықтау сөзбен ашып, ХХІ ғасырда білім беру саласы технологиялық өзгерістерді қабылдауға дайын болуға тиіс екенін айтты. Цифрлық технологиялардың дамуы білім беру жүйесін тиімді басқаруға, оқу материалдарын интерактивті әрі қызықты етіп ұсынуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Халықаралық конгресc:

  • Үздіксіз педагогикалық білім беру: өзекті проблемалары және перспективалары;
  • Цифрлық білім беруді трансформациялау: цифрлық платформалар және технологиялар;
  • Коллаборативті білім беру ортасындағы цифрлы педагог: әлемдік тәжірибе, инновациялық әдістеме;
  • Жасанды интеллект технологиясы: даму тенденциялары және жаңа мүмкіндіктері атты түрлі бағыттар бойынша жүзеге асты.

Жиын барысында Мектеп-ЖОО ынтымақтастығына көп жылғы сіңірген еңбегі үшін «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., професор әрі «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында   жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты жобаның ғылыми жетекшісі Клара Бузаубакова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің   «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Халықаралық конгресс пленарлық мәжіліс - баяндамалар, отандық және шетелдік танымал ғалымдардың авторлық курстары және шебер-сыныптары, психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары, онлайн-режимдегі шебер-сыныптар, секциялық мәжілістер, инновациялық өнімдердің презентациясы секілді түрлі форматта ұйымдастырылды.

Жиын соңында мамандар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді. 

конгресс1111

конгресс222

конгресс333

когнресс444

когнресс555

когнркес666

конгресс777

 

Прочитано 175 раз
Top