КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ – СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ КЕПІЛІ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, елімізде техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған көптеген шаралар қолға алынып жатыр. Соның бірі – «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі. Бұл бастама қоғамда сұранысқа ие білікті мамандарды даярлауға және колледждердің инфрақұрылымын жетілдіруге жол ашуда.

Аталған шара техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға серпін беріп, еңбек нарығына қажетті білікті мамандарды даярлаудың маңызын қайта айқындады. Шара аясында колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, сондай-ақ өндіріс орындарымен серіктестікті күшейту мәселелері де қолға алынды.

Осыған орай, Дулати колледжі кәсіби бағдар беру жұмысын жүйелі түрде бастап кетті. Басты мақсат – талапкерлердің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу.

Кәсіби бағдар беру жұмысының мамандары қала мектептерін аралап, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар тек колледждің жетістіктері мен мүмкіндіктерін таныстырып қана қоймай, қоғамда қалыптасқан теріс пікірлерді де жоққа шығаруға тырысты. Себебі, соңғы жылдары колледждерге қатысты «тек үлгерімі төмен оқушылар түседі» деген көзқарас белең алып келген еді. Ал, Мемлекет басшысының бұл салаға назар аударуы – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мәртебесін жаңа деңгейге көтеруге жол ашты.

Мектеп оқушылары арасында прокурор, банкир, әкім сынды «беделді» мамандықтарға деген қызығушылық басым. Дегенмен, кәсіби бағдар жұмысының мамандары оқушыларға қоғамда қалыптасқан стереотиптерге ермей, болашақ еңбек нарығының талаптарын ескере отырып таңдау жасауға шақырды.

Айта кетейік, Дулати колледжі Дулати университетінің құрылымына енген білім ордасы ретінде үлкен артықшылықтарға ие. Студенттер оқу орданың заманауи зертханаларын, оқу залдарын пайдаланып, ғылым кандидаттары мен докторларынан дәріс алады. Колледждің материалдық-техникалық базасы мен кітапхана қоры да үнемі жаңартылып, талапқа сай жабдықталып отырады.

Құрметті талапкерлер! Бүгінгі дұрыс шешім – ертеңгі табысты өміріңіздің негізі. Қоғамға қажетті, сұранысқа ие маман болғыңыз келсе, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын таңдаудан қателеспеңіз!

касыби1111

касыби2222

касыби3333

 

 

Прочитано 248 раз
Top