×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА НЕНІ БІЛУ КЕРЕК: ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН ОЛАРДЫ АЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Аналар кеңесінің» ұйымдастыруымен 28 ақпан күні «Көп балалы аналарға нені білу керек:жәрдемақылар мен оларды алу ережелері» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге «Экономика», «Есеп және аудит», «Химия» кафедраларының ұжымы мен Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жандыбаева Жанна Берімкуловна, «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекетттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының электронды іс –макетті бақылау бағдарламасының бас маманы Бектанова Гульсара Аманжоловна, Атаулы әлеуметтік көмек халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Баянова Динара Бахытқызы мен аталған бөлімнің маманы Авутова Гульзахирам Низардиновна, ТарМУ корпустарының кіші техникалық қызметкерлері, кітапханашылар қатысты.

 

Кездесуді М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аналар кеңесінің төрайымы Жантаева А. бастап, жиынның маңыздылығын баяндады. Еліміздің Президенті өзінің халыққа арнаған Жолдауында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы механизмдерін ретке келтіруді, оны әділ әрі еңбекке талпындыратындай етіп түзетуді тапсырған еді. Одан бөлек, мемлекет басшысы аз қамтылған отбасындағы балаларға қосымша кепілдендірілген әлеуметтік көмек көрсету қажеттігін алға тартқан. Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жандыбаева Ж. зейнетақы жүйесінің еліміздегі өзгерістерге ең көп ұшыраған жүйелердің бірі екенін атап өтіп, зейнетақы жасына шығудың, зейнетақы алудың және зейнетақы көлемінің өзіндік тәртіптерімен қатысушыларды таныстырды.

Атаулы әлеуметтік көмек халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Баянова Д. биылғы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі кешенді шаралары 3 бағытта жүргізілілетінін нақты анықтап, олардың әрқайсысының мәнін ашып берді. Дөңгелек үстел барысында көпбалалы аналар мамандарға тұрғын үй кезегі, балаларды емдеу-сауықтыру, инклюзивті сыныптар туралы сауалдарын қойды.

Кездесуге келген барлық қатысушылардың ұсыныс-тілектері тыңдалып, толғандырған сауалдарына жауап берілді. Қатысушы көпбалалы аналар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, жеңілдіктер туралы білетіндіктерін айтып, мемлекеттен жәрдемақы алып отырғандықтарын айтты. Мемелекет тарапынан берілетін, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа талаптары, қатысушыларға жан-жақты түсіндірілді. Дөңгелек үстел басына көп балалы аналар да шақыртылған. Олар қандай көмекке жүгіне алатындарын анықтап алды.

 

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 2079 раз
Top