«ІС-ШАРАЛАР ХРОНИКАСЫ – 2024» АТТЫ КІТАПША ЖАРЫҚ КӨРДІ

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің бастауымен «Іс-шаралар хроникасы – 2024» атты кітапша жарық көрді.

Басылымның басты мақсаты  – оқу ордамыздың ғылым мен инновацияны дамыту бағытындағы белсенділігін көрсету арқылы өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін талдау және жүйелеу. Ғалымдар мен кәсіпкерлер арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтып, университеттің коммерцияландыру саласындағы жетістіктерін насихаттау.

Бұл жинақ 2024 жылы ұйымдастырылған ғылым және коммерцияландыру бағытындағы іс-шаралардың толық хроникасын қамтиды. Кітапшада облыс көлемінде өткізілген жиындардан бастап, жыл бойы ұйымдастырылған кездесулер, дөңгелек үстелдер, кәсіпкерлермен кездесулер және екіжақты меморандумдарға дейін барлығы 23 іс-шараның материалдары топтастырылған.

«Іс-шаралар хроникасы – 2024» атты кітапша – университетіміздің ғылыми-инновациялық экожүйесін дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Ол болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге және коммерцияландыру бағытында жаңа бастамаларды іске асыруға негіз болады.

Прочитано 135 раз
Top