Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің бастауымен «Ғылыми– зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды орындау тәртібі туралы ереже» және «Стартап жобалар конкурсын ұйымдастыру ережесі» әзірленді.
Аталған ережелердің мақсаты – университетімізде жүзеге асырылатын ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, стартап жобаларды ұйымдастыру арқылы оларды дамыту.
Құжаттар университеттің ішкі нормативтік құжаты ретінде бекітіліп, барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысында қолданылатын болады. Аталған ережелер факультеттерде талқыланып, толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар жинақталды. Барлық ұсыныстар ескеріліп, ғылыми-техникалық кеңесте мақұлданды.
Алдағы уақытта бұл ережелер Ғылыми кеңестің қарауына ұсынылып, ресми түрде бекітілетін болады. Бұл бастама университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, жас зерттеушілер мен стартап жобаларды дамытуға үлкен серпін бермек.