СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

№1 Білімгерлер үйінде «DU UNION» студенттік парламентінің ұйымдастыруымен «Студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында дебат өтті.

Жиынның мақсаты – жастар арасында жемқорлыққа қарсы түсінік қалыптастырып, құқықтық мәдениетті нығайту. Білім алушылардың қоғамдық белсенділігін арттырып, олардың әлеуметтік жауапкершілігін ұғындыру.

Дебатқа қатысқан студенттер өз ойларын тыңғылықты түрде жеткізіп, тақырып бойынша түрлі пікірлер мен ұсыныстар білдірді

Ойын қорытындысы бойынша:

I-орын– Номад фракциясы, II-орын– Ақиқат фракциясы, III-орын– «DU-UNIVERS» фракциясы.

Үздік талпыныс: «Алтын сұңқар» фракциясы.

Марапат иелері арнайы Алғыс хаттармен және университетіміздің мерчтарымен марапатталды.

Прочитано 100 раз
Top