САЛТ ДӘСТҮРІМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен «Салт дәстүрім – асыл қазынам!» атты облыстық тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның негізігі мақсаты - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, төл мәдениетіміздің алтын арқауы, ұлттық ұстанымын насихаттау.

Шараға әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы, облыстық ардагерлер кеңесі аналар алқасының төрайымы Оспанова Хадиша Аяғанқызы, “Анаға тағзым”орталығының директоры Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы, «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Тұрарова Айсұлу, университеттің аналар кеңесінің төрайымы Жантаева Ардақ, «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы психология магистрі Сайлыбаева Құралай қатысты.

Шарада студенттерге салт-дәстүрлер тақырыбында сұрақтар қойылып, тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, шебер білімгерлерлің өнерлерін тамашалап, “Қыз ұзату” және “Беташар” көріністері көрсетілді.

салт11111

салт2222

салт3333

салт44444

салт5555

салт6666

салт7777

 

Прочитано 97 раз
Top